Тбилиси
Тбилисиге келу. Гид пен жүргізуші сізді әуежайда есіміңіз жазылған тақтамен қарсы алып, қонақүйге жеткізеді.
Тбилисиді шолу экскурсиясы. Ескі Тбилистің тар көшелерімен серуен; IV ғасырдағы Нарикала бекінісіне бару; ескі қаланың панорамалық көрінісі ашылатын Метехи шіркеуі; Тбилисидің басты ғибадатханасы — Сиони соборы; Тбилисидің ең көне шіркеуі — Анчисхати шіркеуі; Мейдан алаңы, Шардени көшесі, Бостандық алаңы және Шота Руставели даңғылы. Біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырдан біздің дәуіріміздің V ғасырына дейін Грузияның тұңғыш астанасы болған көркем Мцхета қаласына бару. Светицховели соборы (XI ғасыр) көптеген ғасырлар бойы Грузияның басты соборы болды.
Бағдарламаны жалғастырып, Джвари монастырына таумен көтерілеміз, мұнан Арагви мен Кура өзендерінің қосылған жерінің керемет көрінісі ашылады.
Тбилисидегі қонақ үйде түнеу.
