Ташкент
Ташкентке келу. Гид пен жүргізуші сізді әуежайда есіміңіз жазылған тақтамен қарсы алып, қонақүйге жеткізеді. Шолу экскурсиясы: Ташкенттің Ескі қаласы мен Хаст-Имам кешені (онда әлемге әйгілі Құран сақталған), қуғын-сүргін құрбандарының мемориалдық кешені және Ерлік мемориалы. Жергілікті шеберлердің бұйымдарын көруге болатын Бароқхан, Күкелдаш және Абулқасым медреселеріне бару.
Кешке Самарқандқа пойызбен жүру. Трансфер және қонақүйге орналасу.
